Желіде iPhone 17 Pro мен iPhone 17 Pro Max-тың жаңа суреттері пайда болды. Ресми таныстырылымға дейін әлі бір ай бар, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі MacRumours-ке сілтеме жасап.

Инсайдерлер бөліскен суреттерде құрылғының ішкі құрылысы көрсетілген: Apple алғаш рет металл жабынды аккумулятор қолданбақ. Бұл жылу тарату сапасын арттыруға тиіс. Сонымен қатар, екі түрлі батарея нұсқасы байқалады: SIM-картасы бар үлгілерге арналған L-пішінді және онсыз нұсқаларға арналған тікбұрышты (мысалы, АҚШ-та сатылатын).

Кейбір елдерде iPhone 17 Pro-ның SIM-карта салынатын түрі сақталмақ. Ал АҚШ-та Apple iPhone 14-тен бастап толығымен eSIM-ге көшкен. Ал аса жұқа iPhone 17 Air тек SIM-картасыз нұсқада шығарылады деп күтіледі.

Жарияланған суреттерде алюминий корпусы көрсетілген: былтырғы iPhone 16 Pro әйнек жабынмен шықса, жаңа үлгі толық алюминий блоктан жасалып, камера бөлігі тікелей соған біріктірілген. Бұл шешім құрылғының берік етуге тиіс. Камера модулі де үлкейген, бұл оптикадағы айтарлықтай өзгерістерге байланысты болуы мүмкін.

Кей деректерге сенсек, iPhone 17 таныстырылымы 9 қыркүйекте өтеді.

Бұған дейін жаңа смартфондардың қандай түстерде шығатыны белгілі болған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget