Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан шыққан өрт оқшауланды.
Өрт сөндірушілер екі адамды үйден алып шыққан. Айта кетейік, өрт шыққан тұрғын үй Жетісу ауданы Ақпаев көшесінде орналасқан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалын жайылып кетпеу үшін жедел сөндіруде. Қазір өрт сөндіру штабы құрылды. Су үздіксіз берілуде деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Қою түтін өртті сөндіруге кедергі келтірген. Зардап шекккендер жоқ. Өрт көлемі мен себептері әзірге белгісіз.