Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі отырысы өтті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президенттің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай осы отырыс қорытындысы туралы айтты.

"Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында наркотизмге қарсы күрес мәселелері қаралды. Жиын қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық штабты Ішкі істер министрлігінің қарауынан алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейіне көтеруді тапсырды. Бұл нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресті жандандыруға, сондай-ақ, тиісті мемлекеттік органдар арасындағы жұмысты анағұрлым тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді", — деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Президент нашақорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді, әсіресе, білім беру мен ақпарат саласында кеңінен жұмыс жүргізуді тапсырды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget