Қытайда ұзындығы 25 000 шақырым болатын ауқымды автокеруен басталды, ал Қазақстан осы бірегей жобаның алғашқы кезеңі болды.

ROX 01 жоғары сапалы жол талғамайтын гибридті көліктердің колоннасы көліктің техникалық мүмкіндіктерін көрсету үшін ғана ұзақ экспедицияға аттанған жоқ. Бұл жобаның мәдени және дипломатиялық мән-маңызы зор.

ROX Motor компаниясының "Silkroad Tour" жобасының жаһандық идеясы — қалаларды, мәдениеттерді және адамдарды ROX көліктері арқылы байланыстырып, әлем халықтарының материалдық емес мәдени мұрасын насихаттау. Автокеруеннің әр нүктесінде команда жоғары технологияларды, жергілікті колоритті және дәстүрлі ұлттық құндылықтарға құрметті ұштастыратын іс-шаралар ұйымдастырады. Қазақстан — Қытайдан тыс жерде осы мәдени-технологиялық саяхат жүзеге асқан алғашқы ел.

ROX 01 автокеруені: гибридті көліктер мәдениет пен технология елшілері ретінде

Silkroad Tour бағыты Орталық Азиядан Шығыс Африкаға дейінгі 16 елді қамтиды. Ол Кавказ, Месопотамия, Солтүстік және Шығыс Африка, сондай-ақ, Таяу Шығыс елдері сияқты негізгі аймақтар арқылы өтеді.

Қазақстанда автокеруеннің бірінші халықаралық кезеңі өтті. Мұнда ROX командасы жол талғамайтын экспедициялар, мәдени кештер өткізіп, автосалондарға барды, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Қазақстан жеріне алғашқы қадам басқан сәттен бастап ROX 01 автокеруені елдің табиғи және мәдени байлығын дөңгелек ізімен зерттеуге кірісті. "Орталық Азияның Колорадо шатқалы" аталып кеткен әйгілі Шарын шатқалында көлік толық жетек жүйесі мен 360° шолу камерасының көмегімен күрделі бедерлер мен тар жолақтардан еш қиындықсыз өтіп, жол талғамайтын ерекшелегін жарқырата көрсетті.

"Бір белдеу — бір жол" рухымен шабыттанған ROX Motor компаниясы Қазақстанның дәстүрлеріне арналған мәдени кеш ұйымдастырып, Еуразия далаларында ғасырлар бойы өмір салтын айқындап келген көшпелі өркениеттің байлығы мен даралығын паш етті. Бұл оқиға өткен мен келешекті, мәдени мұра мен технологиялық ілгерілеуді, Қытай мен Қазақстан халықтарының рухани байланысын жалғайтын көпірге айналды. Кеш Алматы қаласындағы Auyl мейрамханасында өтті.

"25 000 шақырымдық сапар — бұл жай ғана көлікті сынау емес, бұл — қытайлық брендтердің әлемге ашықтығының айқын дәлелі. ROX жаңа дәуірдің Жібек жолындағы елшісі болуға ұмтылады, Қытайдың технологиясы мен өмір салтын бұрын-соңды адам аяғы баспаған алыс мекендерге жеткізуді мақсат етеді", — деді ROX Motor компаниясының негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Ян Фэн.

ROX Motor компаниясының "Silkroad Tour" жобасы жаңа энергетикалық шешімдер саласындағы мемлекетаралық байланыстарды нығайтып, Қытай мен Қазақстанның "Бір белдеу — бір жол" бастамасына үлес қосады.

ROX 01: бір премиум SUV-де стиль, сенімділік және технология тоғысқан

ROX Motor - жаңа энергия көздеріне негізделген автокөлік өндіруге маманданған халықаралық компания.

ROX 01 моделі — әртүрлі жолдарда ұзақ сапарларға шығуға болатын жаңа буынның жоғары сапалы, гибридті жол талғамайтын көлігі. Автокөлік REEV платформасында жасалған: бензин қозғалтқышы тек генератор ретінде жұмыс істейтін сериялық гибридті технология. Мұндай тәсіл жоғары тиімділікке қол жеткізуге және бір бакпен, толық зарядталған батареямен 1 100 шақырымнан аса жүрісті еңсеруге мүмкіндік береді.

Silk Road жобасы аясындағы бүкіл сапар барысында барынша жайлы болуы үшін ROX 01-де әлемдік көшбасшылардың қолданбалары пайдаланылады:

  • Insta360: 360°-тық видеотүсірілім саласындағы көшбасшы, жолдың барлық кезеңін таспалауға мүмкіндік береді, Silkroad Tour жобасының серіктесі.
  • Thule: саяхат пен белсенді демалысқа арналған аксессуарлар шығаратын швед бренді, экспедицияларға арналған багаж ұсынады.
  • Pirelli: шатқалдардан шөлге дейінгі жолдың барлық түрінде сенімділік беретін италиялық шина өндіруші.

ROX 01 сатылымы басталғаннан кейінгі 18 айда бүкіл әлем бойынша 15 000-нан аса көлік сатылды.

DOSCAR GROUP — Қазақстандағы ROX брендінің эксклюзив дистрибьюторы: ресми автокөліктерді сату, сервистік және техникалық қолдау.

DOSCAR GROUP компаниясы - еліміздің 12 қаласындағы 24 дилерлік орталықты біріктіретін Қазақстанның ірі дилерлік желілерінің бірі.

Алматы мен Шымкенттегі ресми дилерлік орталықтар экспедиция шеңберінде "Жібек жолы бекетіне" айналып, командаға техникалық қызмет көрсету, жүйелік тексеру және қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету секілді толық қолдау көрсетті.

Қазақстанда ROX-тың болуы — халықаралық стандарттар деңгейінде кепілдігі, сервисі және қолдауы бар толыққанды экожүйе.

Жол талғамайтын гибридті көліктер, Жібек жолы және болашақ: ROX 01 жаңа дәуірдің символы ретінде

ROX 01 жай ғана көлік құралы емес. Бұл – жайлылық, технологиялар мен қоршаған ортаға құрмет өзара ұштасатын мобильді өмір салтының тұжырымдамасы.

ROX Motor-дың "Silkroad Tour" жобасы заманауи автокөлік медиа-платформаға, мәдени символға және халықтар арасындағы көпірге айнала алатынын көрсетті. Саяхат өз жалғасын табады, алда Өзбекстан, Түркіменстан, Кавказ және Африка. Алайда қазірдің өзінде Қазақстанда бұл сапар сәтті басталды деп нық сеніммен айтуға болады.

Жарнама материалы

Logotype Massaget