«Барыс» ХК қақпашыларының дайындығына жауапты болып Константин Барулин тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Константин Барулин хоккейдегі алғашқы қадамын Қарағандыда жасады. Ол өз мансабында әлем чемпионатының элиталық дивизионында алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды, КХЛ-дің үздік қақпашысы атанып, алты рет ҚХЛ Жұлдыздар матчына қатысты.

Бапкер ретінде Константин Барулин Швецияның «Бурос» клубының жастар және негізгі құрамдарымен жұмыс істеп, болашағы зор қақпашылардың дамуына үлес қосты.