Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің командасы қазақтың ұлттық киімдерін киіп, Instagram-да ерекше сәттерін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Танымал мегажұлдыздың бэк-вокалисі Шэрон Янгблад дәстүрлі қазақ бас киімін киіп, фотосын желіге жариялап, ерекше алғысын жеткізді:
«Керемет бас киім үшін рахмет!», — деп жазды ол.
Ал Джузеппе Джофре атты биші қазақтың тақиясын киіп, өз суретін әлеуметтік желіде бөлісті. Міне, шетелдік жұлдыздардың қазақ мәдениетін құрметтеп, ұлттық нақыштағы киімдерді қалай киіп жүргенін көріп, әркім қызығушылықпен тамашалап жатыр!