ШҚО-да Өскемен — Рахман қайнары тасжолының 437-450-шақырымында қозғалысқа шектеу енгізіледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

20 тамыз бен 30 қазан аралығында республикалық маңызы бар Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай — Рахман қайнары тасжолының 437-450-шақырымында көлік құралының барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Себебі таулы аймақтағы ұзындығы 13 шақырым болатын қиыршық тасты жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Учаскенің бір жағында жартасты жоталар, екінші жағында тік жар орналасқандықтан, айналма жол немесе кері бағыттағы қозғалысты ұйымдастыру мүмкін емес", — деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget