Түркияның батысында магнитудасы 6,1 балдық жер сілкінісі болды.

Соның салдарынан Сындыргы қаласында ондаған тұрғын үй қирап қалған. 4 адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Түркия денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда науқастардың жағдайына еш қауіп төніп тұрған жоқ. Көршілес Гёльджюк ауылында да бірнеше үйдің қабырғасы сөгілген. Сондай-ақ жерасты дүмпулері Болгария, Грекия және Кипрде де сезіліп, бірнеше афтершок тіркелді.