Биыл ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлы туғанына 180 жыл толып отыр. Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда Абай есімді қанша адам бар екенін жариялады , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Абай есімді қанша адам бар?

Елімізде Абай есімді 18 763 адам тұрады. Бұл есім иелерінің басым бөлігі Астана қаласы (2 089 адам), Түркістан облысы (2 018) және Алматы қаласында (1 719) тұрады.

Ибраһим (Ибрагим, Ибрахим) есімді азаматтардың саны — 35 404 адам.

Жас ерекшеліктері бойынша

Абай есімді ең егде тұрғын 1932 жылы дүниеге келген. Бұл есім ең көп таралған жас тобы — 30-34 жас аралығындағылар, олардың саны — 3 228 адам. Биылғы бірінші жарты жылда туған 157 нәрестеге Абай есімі берілген.

Абай есімді 10 әйел адам бар

Ресми дерекке сүйенсек, бұл есім қыз балаларға да қойылған. Қазақстанда Абай есімді 10 әйел тіркелген.

Айта кетейік, ақынның құрметіне елімізде 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауылға ұлы тұлға есімі берілген екен.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget