АҚШ-тың арнайы елшісі Стив Уиткофф бүгін Мәскеуге ұшып барып, президент Владимир Путинмен кездесті. Жергілікті ақпарат құралдарының дерегінше, келіссөздер үш сағатқа созылған. Айта кетсек, бұл жүздесу Құрама Штаттар лидері Дональд Трамп Ресейге қойған ультиматумның мерзімі аяқталуға екі күн қалғанда өтіп жатыр. Ол шарт бойынша, Кремль Украинадағы соғысты тоқтатуға әрекет қылмаса, Вашингтон Ресеймен сауда жасайтын барлық елдерді санкциямен жазалауға кіріседі.

Кремльдің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Юрий Ушаковтың мәлімдеуінше, Уиткофф пен Путин Украинадағы әскери жанжалмен бірге АҚШ-Ресей қатынастарын жақсарту мәселесін де талқылады.

Арыстан Рысбек