Тұрғын үй кешендерінің рейтингі, қоғамдық көліктің жұмыс кестесі, электромобильдерді қуаттау станциялары.

Бас шаһардың тыныс-тіршілігіне қатысты 70-тен астам қызмет түрі Smart Astana мобильді қосымшасында қамтылған. Оның көмегімен үйге дәрігер шақырып, баланы үйірмеге тіркеуге болады. Сондай-ақ ойын-сауық орындары мен саябақтардың қауіпсіздігін тексеру мүмкіндігі бар. Көлік жүргізушілері ақылы тұрақ тауып, жолдағы кептеліс туралы ақпаратқа жылдам қол жеткізе алады. Тегін қосымшада тіпті қазақ тілін үйренуге арналған сервис қарастырылған.