Жапонияның солтүстігінде 6,1 балдық жер сілкінді.
Бұл туралы Еуропа-Жерорта сейсмикалық орталығы мәлімдеді. Жерасты дүмпулері Хоккайдо аралының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Тыных мұхитында болды. Қирандылар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Цунами қаупі туындамады. Көлік қозғалысы қалыпты жағдайда. Зілзала ошағы 30 мың халқы бар Немуро қаласынан 30 шақырым жерде тіркелген.