Канадада өткен «Үлкен жетілік» саммитінде Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты бірлескен мәлімдеме қабылданды. Әлемнің алпауыт елдері: «Аймақтағы тұрақсыздық пен лаңкестіктің басты себепкері», – деп Иранды айыптап, Тель-Авивті қолдап отыр.

Бірлескен мәлімдемеде «Израиль өз-өзін қорғауға құқылы», – делінген. Десе де басты міндет бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін ескертті. Сондай-ақ саммит қатысушылары: «Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол берілмеу керек», – деген ұстаным білдірді.