Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Дауыс

Бестөбе кентінің тұрғындары көшелер мен саябақты тазартты

Бестөбе кентінің тұрғындары көшелер мен саябақты тазартты

Ақмола облысына қарасты Бестөбе кентінің тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көшелер мен саябақ аумағын күл-қоқыстан тазартты.

Жасыл желектерді баптап, гүлзарларды ретке келтірді. Ортақ іске 500-ге жуық адам қатысып, өз үлесін қосты. Оның ішінде жергілікті тұрғындардан бөлек, мемлекеттік қызметкерлер мен волонтёрлар бар. Олар бір тәулікте 5 мың текше метр қоқыс жинады. Жалпы эко акцияның тиімділігін бүгінгі Жолдауда Мемлекет басшысы да атап өтті. Өйткені былтырдан бастап жұрт болып жұмылудың арқасында елімізде 860 мың гектардан астам аумақ тазаланып, 4 млн-нан астам ағаш егілді.

Ғабділманат Қалимулин, Бестөбе кентінің тұрғыны:

– Ауылымыздың таза болғаны біз үшін өте маңызды. Өйткені көше таза болса, халықтың сана-сезіміде таза болады. Біз жастарға үлгі болайық деп шығып отырмыз.