Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаңалықтар

Стадионды шулатқан сәт: Дженнифер Лопес қазақ жұбына гендер-пати жасап берді (ВИДЕО)

Стадионды шулатқан сәт: Дженнифер Лопес қазақ жұбына гендер-пати жасап берді (ВИДЕО)

Алматыдағы Орталық стадион 10 тамызда тек концерт емес, нағыз тарих куәгеріне айналды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопес сахнада мыңдаған көрерменнің көзінше қазақ жұбына гендер-пати жасап, олардың болашақ сәбидінің жынысын өзі жариялады.

Концерт қызу өтіп жатқанда, жұлдызға ішінде УДЗ қорытындысы бар құпия конверт жеткізілді. Джей Ло оны ашып, бүкіл стадионға:

“Бұл қыз бала! Тамаша, дені сау, бақытты болып өссін!”, — деп жар салды.

Әлеуметтік желілерде бұл сәт бірден хитке айналып, қолданушылар:

“Жұлдыздың өзі жариялаған соң, бұл қыздың тағдыры да ерекше болмақ”, – деп жазып жатыр.

@assemkenessova

Вот это круто узнать пол ребёнка от самой JLo????????

♬ оригинальный звук — Assem Kenessova