Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Күнделік

Демалыс базасында демалып жүрген ер адам қамыс арасында адасып қалған

Демалыс базасында демалып жүрген ер адам қамыс арасында адасып қалған

Қарағанды облысындағы демалыс базасында демалып жүрген ер адам қамыс арасында адасып қалған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түнде ер адам Топар кентіндегі “Лагуна” демалыс аймағы маңында Шерубай — Нұра су қоймасындағы қамыс арасында адасып кетіп, 112 қызметінен көмек сұрап жүгінген.

“Жедел жеткен құтқарушылар 1971 жылы туған ер адамды тауып, демалыс аймағына дейін жеткізді. Оған медициналық көмек қажет болмады”, — деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget