Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаңалықтар

Ақтауда жағажай аумағы қоқыстан тазартылды

Ақтауда жағажай аумағы қоқыстан тазартылды

Ақтауда туристер жиі баратын жағажайда «Таза бейсенбі» экоакциясы өтті.

Тазалық шарасына «Жас Stars» бастауыш партия ұйымының өкілдері мен қала тұрғындары белсене қатысты. Олар 15-шағын ауданда теңіз жағалауын күл-қоқыстан тазалады. Жалпы өңірде былтырдан бері 29 мың тонна қоқыс шығарылған. Жыл басынан бері 5 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы полигонға жеткізілді.

Анар Шамшадинова, «Amanat» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

– «Таза Қазақстан» деп аталатын Мемлекет басшысының бастамасы үлкен бір жалпы Ұлттық идеяға айналды. Әрине негізгі мақсат-айналаны тазалау, айналаны таза ұстау, табиғатты қорғау. Дегенмен, оның түпкі мақсаты — адамның бойының, ойының, рухани ішкі тазалығының мәдениетін қалыптастыру. Бұндай тазалық жұмыстары тек науқандық қана емес, бұл біздің өмір салтымызға айналуы керек.