Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Күнделік

Құрылтай сайлауының шығындары қанша?!

Құрылтай сайлауының шығындары қанша?!

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сайлауды өткізуге қаржы республикалық бюджеттен бөлінетінін мәлімдеді.

– Құрылтай сайлауына жұмсалатын нақты шығын сайлау күні белгіленгеннен кейін анықталады, – деді ол Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Вице-премьердің сөзінше, бұл мәселе бойынша нақты цифрды атауға әлі ерте. Өйткені, сайлауды өткізуге дайындық қазір де жалғасып жатыр.