Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Күнделік

Адам өміріндегі ең қауіпті жыл аталды

Адам өміріндегі ең қауіпті жыл аталды

Ұзақ өмір сүру бойынша сарапшы Дэн Бюттнер зейнетке шығатын уақыт адам өміріндегі ең қауіпті жыл екенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі HuffPost басылымына сілтеме жасап.

Бюттнердің айтуынша, дәл зейнетке шығатын жылы өлім-жітім деңгейі едәуір артады.

“Бұл кезеңде адамда мазасыздық, күйзеліс, болашақтан қорқу сезімі пайда болуы мүмкін. Көп адам өмірлік мақсатын жоғалтып, бірнәрсе жетіспейтіндей күй кешеді”, — деп түсіндірді маман.

Мұндай жағымсыз өзгерістердің себебі — көп жыл бойы ұстанып келген әдеттері мен өмір сүру тәртібінің күрт өзгеруі. Өмірді ұзартып, сапасын жақсарту үшін Бюттнер бұрынғыдай белсенді болуға, әлеуметтік байланыстарды үзбеуге, сондай-ақ сүйікті іспен айналысатын хобби не қызмет табуға шақырды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget