Астана халықаралық форумы аясында Премьер-министр орынбасары – Ұлттық экономика министрі Сербияның ішкі және сыртқы сауда министрімен кездесті, деп хабарлайды 24kz.

Серік Жұманғарин Қазақстан Сербияны Орталық Еуропадағы маңызды сауда әріптесі ретінде танитындығын жеткізді. Сауда-экономикалық байланыстары мығым екенін тілге тиек етті. Мәселен, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 9,7%-ке артып, 100 млн долларға жеткен. Қазақстандық экспорт 39,4%-ке өскен.

Кездесуге қатысушылар Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңестің әлеуетін іске қосудың маңыздылығын атап өтті. Астана мен Белград арасында тікелей әуе қатынасын орнату қажеттілігі де сөз болды.