Парламентте анасын туған күнімен құттықтаған депутат Ардақ Назаровтан кейін әріптесі Дәулет Мұқаев та елде жоқ дүниені жасап, жұрттың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әйелінің туған күніне Парламенттің атынан адресат жасатыпты.
"Біздің паламентте ресми құттықтауларға, іс шараларға барған кезде алып баратын осындай папка бар. Әйелім Лаура өзіне де осындай нәрсе жасауымды сұрады.
Өздеріңіз білесіздер, биыл шілдеде парламент тарайды. Жарайды, қолымда тұрған нәрсе ғой бұл деп, бес мың теңгесін төлеп, тілегімді арнайын дедім", деген депутат әйеліне ақжарма тілегін жаудырып, ҚР Парламенті адресатының атынан құттықтады.
Әлеуметтік желіде депутаттың бұл әрекеті ызу талқыланып жатыр.
Танымал журналист Диас Нұрақын: "
Ардақ Назаров анасын Мәжіліс мінберінен құттықтап еді. Енді Дәулет Мұқаев деген депутат әйелінің туған күніне Парламенттің атынан адресат жасатыпты. Гештальтын жапқым келді дейді.
Заң шығарушы орган гештальт жабатын жерге айналған ба? Мыналарға тоқтам салмасақ, алдағы уақытта аурулары асқынып, құда-жекжатын Ақорданың атынан құттықтап, той-томалаққа Президенттің “Алғыс хатын” апарудан тайынбайды.
P.S. Биыл менің де әйелім 40 жасқа толады. Кабинетте “Алматы облысының әкімі” деген жазуы бар бірнеше адресат жатыр. Соның бірін сыйлап жіберсем бе екен? Әлде ол үшін бетімді біраз қалыңдатуым керек пе?"деп жазды.
Ал белгілі журналист Гүлбану Әбенова мемлекеттік ресми символикаларды жеке отбасылық дүниелерге қолдану әдепсіздік екенін айтып, сыни жазба жариялады.
@bairaq_media Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев өз келіншегін ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми хатымен құттықтаймын деп желіде сынға қалды, деп хабарлайды Bairaqmedia. kz Мұқаев Мәжілістің атынан өз әйелін туған күнімен құттықтаған. Ол, бұл ісін «Парламент тарамай тұрғанда қолда бар мүмкіндікті пайдаланып қалдым» деп түсіндірген. Мұқаевтың бұл әрекетіне журналист Диас Нұрақын да шүйлікті. «Ардақ Назаров анасын Мәжіліс мінберінен құттықтап еді. Енді Дәулет Мұқаев деген депутат әйелінің туған күніне Парламенттің атынан адресат жасатыпты. Гештальтын жапқым келді дейді. Заң шығарушы орган гештальт жабатын жерге айналған ба? Мыналарға тоқтам салмасақ, алдағы уақытта аурулары асқынып, құда-жекжатын Ақорданың атынан құттықтап, той-томалаққа Президенттің “Алғыс хатын” апарудан тайынбайды.»,- деп жазды журналист @diasnurakyn Желі қолданушылары да Мұқаевтың әрекетін сынап жатыр. “Бұл этикаға жат, білгендерін істеу”, “Парламенттің беделін түсірді”, “Ардақ Назаровтан алған үлгісі ме, ұялмай ма?” , “Заң шығарушы органды мазақ қылды” деп пікір жазған. #даулетмұқаев #парламент #мәжіліс ♬ оригинальный звук — bairaqmedia