Орта салмақтағы UFC чемпионы Хамзат Чимаев Шон Стриклендтен жеңіліп қалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жекпе-жек бес раундқа созылды.

Чемпиондық белбеуінен айырылған Чимаев үшін бұл — 15 жеңістен кейінгі алғашқы жеңілісі. Ал Стрикленд өз мансабындағы 31-ші жеңісіне қол жеткізді, ол жалпы жеті рет жеңілген еді.

Чимаев пен Стрикленд арасындағы текетірес

Хамзат Чимаев пен Шон Стрикленд кезінде Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) аңызға айналған Xtreme Couture залында бірге жаттыққан.

Бүгінде олар — бітіспес жау, ал UFC 328 турниріндегі айқас ММА тарихындағы ең шиеленісті кездесулердің біріне айналды.

I am bullying weak people