Шығыс Қазақстан облысындағы "Востокцветмет" компаниясының Артемьев шахтасында жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды Altainews.kz.
Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға сенбіде, 9 мамырда болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң-желдету қызметінің механигі шамамен тоғыз метр биіктен құлап, ауыр жарақаттар алған.
"Жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Компания қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның отбасына барлық қажет көмек көрсетіледі", — деп хабарлады KAZ Minerals компаниясы өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз