Депутат медициналық білім саласын қандай өзгерістер күтіп тұрғанын шолу жасады.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы медициналық білім беру саласын күтіп тұрған негізгі үш өзгерісті атады. Бірақ, бұл өзгерістер тек 2022 жылдан кейін университетке қабылданғандарға қатысты. Ал оған дейін оқуға түскен студенттер үшін ештеңе өзгермейді.
Негізгі өзгерістер:
- 7 жылдық оқу жүйесіне қайта ораламыз. Бірақ бұл заманауи мазмұндағы бағдарлама болады: 6 жыл оқу және 1 жыл ауруханада өтетін толыққанды практикалық интернатура.
- Оқу кредиттер саны да 300 емес, 420 болады. Осыдан кейін түлектер ЖПД және тағы 5 бағыт бойынша тікелей жұмысқа шыға алады. Невропатолог немесе нейрохирург сияқты тар бейінді маман болғысы келсе резидентурада оқуын жалғастырады.
- Іргелі пәндерді бойынша. Анатомия, физиология сияқты базалық клиникалық пәндер енді типтік бағдарламаларда қатаң бекітіледі. Әр университет бұл пәндерді толық көлемде беруге міндетті болады. Осы базаны меңгергеннен кейін тәуелсіз алаңда арнайы емтихан тапсырылады.
- "Дәрігер-интерн" мәртебесі. Интернатураға барғандар енді заңмен бекітілген, ресми мәртебе алады. Бұл – медициналық ақпараттық жүйелерге рұқсат, тәлімгердің бақылауымен қарапайым манипуляциялар жасау, еңбекақы алу және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілу құқығы. Бұл нақты тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.
"Ең маңыздысы – таңдау құқығы. 2022 жылдан бастап ескі бағдарламамен түскен студенттерге мүмкіндік береміз. Егер студент 6 жыл оқып, бірден резидентураға барамын, тәуекелдерді білемін және қолданыстағы жүйемен оқуымды жалғастырамын десе, осы қолданыстағы жүйемен қала алады. Ал жаңа бағдарламаға ауысып, 7 жылдан кейін тікелей жұмысқа шыққысы келсе, оған да құқылы", – деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.
Оқи отырыңыз:
- "Жалған анықтама жазып берген". Қызылорда облысында дәрігер мен шенеунік сотталды
Төрегелді Шармановтың есімі Астана медицина университетіне беріле ме