Бұл серіктестік аясында негізінен энергетика, қорғаныс және жаңа технологиялар салаларындағы жобалар жүзеге асады.

2024 жылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди арасында екі елдің стратегиялық серіктестігін арттыру бойынша келісім бүгінде нақты жобаларға ұласып жатыр.

Үндістан Қазақстанның мұнай-газ саласына қомақты қаражат инвестициялап, энергия көздерін әртараптандыру және энергетикалық қауіпсіздікті арттыру саласында мүдделі екенін білдірсе, Қазақстан Үндістан нарығына шикі мұнай, уран және түрлі минералдарды жеткізеді.

Соңғы жылдары екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты өсіп келеді. Үндістанның Қазақстанға экспортының құрамында фармацевтика, инженерлік жабдықтар, мата, шәй және өзге де азық-түлік түрлері бар. Бұл экспорт Қазақстандағы жоғары сапалы тұтынушылық тауарларға деген сұранысқа жауап береді.

Екі ел өңірлік байланыс пен логистиканы жақсарту бағытында бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Үндістанның Солтүстік – Оңтүстік (INSTC) халықаралық транспорт дәлізіне қатысуы Қазақстанның өңірлік сауда желілерін дамыту бағытындағы жобаларымен үйлеседі. Айта кетейік, бұл транспорт дәлізі Оңтүстік Азияны Орталық Азия елдері, әрі қарай Еуропа және Ресеймен байланыстыруға бағытталған.


Оқи отырыңыз: Үндістан мен Қазақстан цифрлық технологиялар саласында серіктестік орнатады


Кейінгі уақытта Қазақстан мен Үндістанның серіктестігі кеңейіп, қорғаныс, ғарышты зерттеу және ақпараттық технологиялар салаларын да қамтиды. Бірлескен әскери жаттығулар өткізіліп, спутник технологиялары мен IT инфрақұрылымында бірлескен жобалар қолға алынды.

Серіктестікті күшейту жөніндегі мәселелер таяуда Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Азамат Есқараевтың Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Танмай Лалмен кездесуінде де айтылды. Оның барысында тараптар Қазақстан – Үндістан стратегиялық серіктестігінің кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, олар Нью-Делиде, соның ішінде "Орталық Азия – Үндістан" Диалогы аясында өтетін алдағы жоғары және жоғарғы деңгейдегі іс-шаралар Қазақстан мен Үндістан арасындағы екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша "сағаттарын салыстыруға" тағы бір мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында ҚР Елшісі үнді дипломатын Қазақстандағы әлеуетті инвестициялық жобалармен таныстырды. Танмай Лал өз кезегінде Қазақстан экономикасына үнділік инвестицияларды, атап айтқанда, Үндістанның ірі компанияларын тартуға көмектесуге дайын екенін білдірді.


Оқи отырыңыз:

  • Қазақстан жастары Үндістан мен Орталық Азия жастарының форумына қатысты
  • Азамат Есқараев Қазақстанның Үндістандағы елшісі лауазымына тағайындалды