Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда білім беру ұйымдарында қанша ер педагог жұмыс істейтіні жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ мәліметінше, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 108 572 ер педагог жұмыс істейді.

Оның ішінде:

  • мектептерде – 78 651
  • колледждерде – 14 220
  • қосымша білім беру ұйымдарында – 12 709
  • мектепке дейінгі ұйымдарда – 2 690
  • арнайы білім беру ұйымдарында – 302 ер адам жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздегі ерлер саны басым өңірлер туралы хабарлаған едік.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз