Бүгінде еліміздің 108 572 ер адам педагог болып жұмыс істейді, деп хабарлайды Zakon.kz.


ҚР Оқу-ағарту министрлігінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының" баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 108 572 ер педагог жұмыс істейді.

Оның ішінде:

  • 78 651-і мектептерде,
  • 14 220-сы колледждерде,
  • 12 709-ы қосымша білім беру ұйымдарында,
  • 2 690-ы мектепке дейінгі ұйымдарда,
  • 302-сі арнайы білім беру ұйымдарында жұмыс істейді.

Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы еліміздегі ер азаматтардың нақты санын жариялаған болатын.