Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілі "Қорғастағы" өртке қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, өрт Қытай жағындағы шекара маңындағы аумақта болған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарап жатыр. Кадрларда өртеніп жатқан ауыр жүк көліктері көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от JANBÝR (@janbyr_qazaqstan)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Адыл Бейсенбаев (@taldykorganec_kolesa)

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт туралы ақпаратты растап, төтенше жағдай көрші мемлекет аумағында болғанын нақтылады.

"Өрт 4 мамырда ҚХР жағындағы шекара маңындағы аумақта болғаны анықталды. Қазақстанның 101 және 112 шұғыл қызметтеріне хабарлама түскен жоқ, өйткені бұл аумақ Қытай Халық Республикасына тиесілі", — деді Жетісу облыстық ТЖД ресми өкілі Назерке Арманқызы.

Ведомство мәліметінше, өрттің себебін көрші мемлекеттің құзырлы органдары анықтап жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget