Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әсем Орынбайды Алматыдағы стенд атудан Әлем кубогы кезеңіндегі айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік рекордты жаңартып, жеңіс тұғырына көтерілген спортшы асқан шеберлік танытқанын атап өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ISSF — International Shooting Sport Federation (@issf_official)

Мемлекет басшысының айтуынша, Әсем Орынбайдың Әлем кубогі кезеңіндегі, сондай-ақ Азия чемпионаты мен Азия ойындарындағы табысты өнері елімізде нысана көздеу спортының даму деңгейі жоғары екенін көрсетеді.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Азия чемпионатында қарсыласын техникалық нокаутқа жіберіп, бірінші раундта жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.