Өскемендегі "Казцинк" зауытында болған апат салдарынан ауыр жағдайда ауруханаға түскен науқастардың біріне дәрігерлер шақырылды. Бұл туралы зауыт өкілдері Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Казцинк" өкілдерінің мәліметінше, компания апат салдарынан күйік шалып, ауыр жағдайда жатқан қызметкерге Астанадан арнайы дәрігерлер шақыртқан.

"Апат салдарынан зардап шеккен компания қызметкеріне көмек көрсету үшін "Казцинк" республикалық дәрігерлерді шақырып отыр.

Жақын арада арнайы бортпен Өскеменге Ұлтты шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары — республикалық деңгейдегі дәрігерлері жетеді", — делінген зауыт таратқан хабарламада.

Бұған дейін орталықтың бейінді мамандары телемедициналық кеңес беріп, оның барысында зарщап шеккен азаматты емдеу бойынша қадамдар мақұлданған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз