Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов « Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстан мен Түрікменстан стратегиялық серіктестік рухында екіжақты қарым-қатынас орнатуда. 2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы $550 млн-нан асты, 2025 жылдың бірінші тоқсанында – $103,9 млн-ды құрады. Екі мемлекет үкіметтері алдында тауар айналымын $1 млрд-ға дейін жеткізу міндеті тұр.
Қазіргі уақытта көлік және логистика, білім беру, цифрландыру, сондай-ақ мұнай-газ салаларын дамытуда ынтымақтастықты нығайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.