Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Қазақстан Президенті мен Италия Премьер-министрі бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты шара құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң екі елдің мемлекеттік әнұрандарынан басталды.