Бүгін таңертең Өскемендегі зауытта төтенше жағдай тіркелді. Cалдарынан екі адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазцинкке" сілтеме жасап.

Компанияның хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша, түтін сорғышты тазалау кезінде жарылыс болып, одан кейін өрт шыққан. Құрылым ішінара опырылған.

Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алды. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр, оқиға салдарын жою жұмыстары жүргізілуде. Жан-жақты және объективті тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы тергеуде анықталады.

Компания қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Марқұмдардың отбасыы мен зардап шеккендерге қаржылық және психологиялық қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар уәкілетті органдар оқиғаның қоршаған ортаға әсеріне баға беріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жергілікті жерде рұқсат етілген шекте шаң шығындылары тіркелген, қауіпті ластаушы заттар анықталмаған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз