Доллар 464 теңгеден асты.


Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы өсті.

Күндізгі сауда нәтижесінде АҚШ валютасының орташа бағамы 1,44 теңгеге қымбаттап, 464,53 теңгеге жетті. Ал Қазақстан Ұлттық банкі белгілеген ресми бағам – 462,91 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау орындарында:

  • доллар 461,00 – 468,00 теңге аралығында;
  • еуро 539,00 – 549,00 теңге;
  • рубль 6,00 – 6,30 теңге шамасында саудаланып жатыр.

Ал Алматы қаласында доллар орта есеппен 463,25 теңгеден сатып алынып, 465,28 теңгеден сатылуда. Еуро бағамы 542,95 – 547,94 теңге аралығында, ал рубль 5,94 – 6,08 теңге деңгейінде.


Оқи отырыңыз: Ұлттық банк ескі 10 000 теңгенің айналымдағы мерзімін бір жылға ұзартты