Бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовке тиесілі тәркіленген самурай қылышы электронды аукционда сатылды.
• Соңғы баға: 1 586 954 теңге
• Бастапқы баға: 379 904 теңге
• Бағалау құны: 542 719 теңге
Лот бағалау құнынан шамамен үш есе жоғары бағамен өткен.
Қылыш 2025 жылдың тамызынан бері бірнеше рет сатылмай келген. Бұған дейінгі аукциондарда не сатып алушы төлем жасамаған, не қатысушылар болмаған.
Аукцион құжаттарына сәйкес, бұл жай сувенир емес, болаттан жасалған жүзі, өрнекті сабы және қара қынабы бар сапалы бұйым.
Бұл мүлік Ұлттық қауіпсіздік комитеті-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты іс аясында тәркіленген. Ол мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алуға әрекеттену баптары бойынша 18 жылға сотталған.
Айта кетейік, оның зәулім үйінен алынған басқа да бағалы заттар аукционда сатылып, жалпы сомасы 10 млн теңгеден асқан.