Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында “Ауыл” партиясы атынан сайланған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, фракция жетекшісі, мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Салыбек Қайрат Келесұлы, сондай-ақ Созақ ауданы бойынша аумақтық ұйым төрағасы Бабиев Амангелді Абибуллаұлы және аудандық мәслихат депутаты Сапарбаев Рыскелді Ұнсарыұлы Сыздық Ақжол Шәріпұлы “Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппараты” мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маманы және мекеме ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында бірқатар өзекті әлеуметтік мәселелер көтеріліп, жан-жақты талқыланды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешімін тауып жатқаны айтылды.