Қаржылық мониторнинг агенттігі Шымкентте өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырған тұлғаның заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Анықталғандай, 2025 жылғы қыркүйек айында күдікті өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырып, жергілікті компаниялардың бірінің басшысынан алдау жолымен 25 млн теңге иемденген.
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Ақша қаражаты медициналық мекемені тексеруге жататын субъектілер тізімінен шығарып беруге ықпал ету сылтауымен алынған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Көлік сатамын деп халықты алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақ болуға, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге және алаяқтардың айласына алданбауға шақырады.