Жамбыл облысында алимент төлемегені үшін борышкердің бас бостандығы шектелді .

Облыстық прокуратура мәліметінше, 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Байзақ ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды алимент төлеуден қасақана жалтарған «Н» азаматына қатысты ҚК-тің 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Алимент төлеуге мүмкіндігі бар ол 7 жыл бойы өз міндеттерін орындамай, әрекетсіздік танытқан. 2018 жылдан бері берешек сомасы 12,6 млн теңгені құрады, – делінген мәліметте.

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 25 сәуірдегі үкімімен борышкер ҚР ҚК-тің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.