Сұхбат барысында анасы туралы сөз қозғаған әнші Нұрлан Албан көзіне жас алып, көпшілікке жүрек тебірентерлік ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі әңгіме барысында анасының өміріндегі орны ерекше екенін айтып, оған деген сағынышын жасыра алмады. Ана мейірімі мен қамқорлығының ешнәрсемен өлшенбейтінін жеткізген әнші бір сәт толқып, көзіне жас алды.
«Ана – әр адам үшін ең қымбат жан. Біз кейде оның қадірін қасында жүргенде толық сезіне бермейміз. Сондықтан жас ұрпаққа айтарым – аналарыңды барында бағалаңдар, құрметтеңдер», – деді Нұрлан Албан.
Ол сондай-ақ уақыттың қадірін түсініп, жақын адамдарға жиі көңіл бөліп, жылы сөз айту маңызды екенін атап өтті. Әншінің бұл пікірі көпшіліктің жүрегіне жетіп, әлеуметтік желіде де қызу талқылануда.
Желі қолданушылары оның шынайы эмоциясына қолдау білдіріп, ананың орны әрдайым ерекше екенін жазуда.
@hit_tv_ “Шеше ұмытылмайды! ”- Нұрлан Албан. #хиттв #meninomirim #рек #интервью #хочуврек #нурланалбан ♬ оригинальный звук — user67269526056