Бүгін Астана қаласында “Ауыл” партиясының өңірлік филиалдарының І тоқсан қорытынды жиналысы өтуде. Аталған жиын партияның өңірлердегі атқарылған жұмыстарын саралап, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттерді айқындауға бағытталған.

Қорытынды жиналысқа “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы және өңірлік филиал аппарат басшысы, облыстық мәслихат депутаты Әжіметов Нұржан Нұрмаханбетұлы қатысуда.

Жиын барысында өңірлердегі атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланып, партия қызметін одан әрі жетілдіру мен халықпен байланысты нығайту бағытындағы маңызды ұсыныстар қарастырылуда.