Ертең, 4 мамырда еліміздің бірнеше өңірінде жауын жауып, жел соғады. Ал таулы аймақтарда қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Қызылорда облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылордада жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, таулы аудандарында түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Алматыда жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 04 мамырда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 04 мамырда түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Таразда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанайда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Көкшетауда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, дауыл, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкентте кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістанда түнде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі.

Павлодар облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз