Патрульдік полицейлер қызмет барысында есірткінің ірі партиясын заңсыз сақтау фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.


Красный Яр ауылында полицейлер мотоцикл жүргізушісін тоқтатқан, алайда оның мінез-құлқы күдік тудырған. Тексеру барысында тәртіп сақшылары есірткіге мас болуының ықтимал белгілеріне назар аударды. Мән-жайды анықтау кезінде ер адам тыйым салынған заттың бір дозасын өз еркімен берді.

"Полиция қызметкерлерінің жұмысы одан әрі жалғасты: құқық бұзушының тұрғылықты жерін тексеру кезінде 8 қап пен 6 қапшық табылды, болжам бойынша ішіндегі зат – марихуана. Алдын ала мәліметтер бойынша, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 5 келіден асады",- деп мәлімдеді ІІМ.

Алынған заттар сот сараптамасына жіберілді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Атырау облысында екі ағайынды ер адам атыс шығарып, бір адам жараланғанын жазғанбыз.