Белгілі продюсер Баян Алагөзова тарихи «Қыз Жібек»фильміндегі аңызға айналған камзол төңірегіндегі дауға қатысты өз пікірін білдіріп, жәдігердің тағдырына нүкте қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бүгінде көптеген арудың арманына айналған бұл құнды жәдігерге қатысты продюсердің өзіндік жоспары бар болып шықты.

Ол аталған киімді музейге өткізбес бұрын, отбасылық маңызды салтанатта пайдаланғысы келетінін жеткізді.

Продюсердің айтуынша, ол бұл камзолды кенже қызы Айарудың ұзату тойында кигізуді мақсат етіп отыр.

«Қызымды осы камзолмен ұзатқым келеді, содан кейін ғана оны музейге салтанатты түрде тапсырамын»,-деді Баян Алагөзова.

Продюсер бұл қадамын тарихи сабақтастық пен әдемі дәстүр ретінде көретінін аңғартты.

Қазіргі таңда желі қолданушылары бұл мәлімдемені қызу талқылап, жәдігердің болашағына қатысты түрлі пікірлер білдіруде.