Алматы қаласы Бостандық ауданында Алма-Арасан шатқалындағы Терра алаңы жасөспірім жартастан құлап, аяғын жарақаттаған. Оқиға куәгерлері құтқарушылардан көмек сұраған. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.
Хабарлама түскеннен кейін ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметімен бірлесіп оқиға орнына жедел түрде шықты. Алма-Арасан пансионаты маңына жеткен соң, олар жолды жаяу жалғастырды. Таулы аймақпен көтерілу шамамен 2,5 сағатты алды.
Құтқарушылар зардап шеккенді жедел түрде тауып, оның 15 жастағы жасөспірім екенін анықтады. Оған қажетті көмек көрсетіліп, тасымалдау жұмыстарын бастады.
Жасөспірім эвакуацияланып, Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз