Тараз қаласында №40 гимназия аумағында биіктіктен құлаған мектеп оқушысы ауыр жарақат алды. Бұл ақпаратты Жамбыл облысы Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.


«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», делінген хабарламада.

Полиция Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

Шымкентте үстіне ағаш құлаған 4-сынып оқушы қаза тапты

БАҚ мәліметінше, 10-сынып оқушысы ғимараттың сыртында орналасқан өрт сөндіру баспалдағына көтерілген. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларда жасөспірімнің баспалдақ қоршауында отырғаны, кейін тепе-теңдігін жоғалтып, төменге құлағаны көрінеді.

Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты

Құлағаннан кейін оқушы жедел түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оған ауыр жарақаттар – бас миының ошақтық жарақатын, оң жақ сан сүйегінің сынуын, бұғананың сынуын және ішкі ағзалардың жыртылуын анықтаған. Жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалап отыр.