«Қазгидромет» 2 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, ал батыста шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астанада аспан бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болады. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +16…+18°C болады.
Алматыда аспан бұлтты болып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с болады. Түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C сақталады.
Шымкентте аспан бұлтты болады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с болады. Түнде +14…+16°C, күндіз +22…+24°C күтіледі.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 9-14 м/с болады. Түнде +10…+12°C, күндіз +18…+20°C сақталады.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с болады. Түнде +4…+6°C, күндіз +17…+19°C күтіледі.
Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 8-13 м/с болады. Түнде +9…+11°C, күндіз +22…+24°C сақталады.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 9-14 м/с болады. Түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C күтіледі.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 7-12 м/с болады. Түнде +10…+12°C, күндіз +20…+22°C болуы ықтимал.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 15 м/с-қа дейін болады. Түнде +5…+7°C, күндіз +16…+18°C болжанған.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 18 м/с-қа дейін күтіледі. Түнде +14…+16°C, күндіз +27…+29°C болады.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 9-14 м/с болады. Түнде +2…+4°C, күндіз +15…+17°C болуы ықтимал.
Қызылордада аспан бұлтты болып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел екпіні 5-10 м/с болады. Түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C күтіледі.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 15-20 м/с болады. Түнде +12…+14°C, күндіз +20…+22°C күтіледі.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +5…+7°C, күндіз +13…+15°C болады.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 15-20 м/с болады. Түнде +8…+10°C, күндіз +25…+27°C күтіледі.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 5-10 м/с болады. Түнде +10…+12°C, күндіз +30…+32°C болжанған.
Таразда аспан бұлтты болады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел екпіні 9-14 м/с болады. Түнде +14…+16°C, күндіз +21…+23°C күтіледі.
Түркістанда аспан бұлтты болады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с болады. Түнде +15…+17°C, күндіз +22…+24°C сақталады.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 3-8 м/с болады. Түнде +2…+4°C, топырақ бетінде үсік күтіледі, күндіз +11…+13°C сақталады.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 7-12 м/с болады. Түнде +6…+8°C, күндіз +28…+30°C күтіледі.


