Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Корея Республикасының Гуми қаласында жеңіл атлетикадан ХХVI Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Жарысқа "Астана" олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары да қатысады.
Азия құрлығының мықтылары бас қосатын бұл чемпионатта еліміздің намысын мына спортшылар қорғайды:
- Айана Болатбекқызы
- Анна Шумило
- Александра Залюбовская
- Антонина Чернышова
- Екатерина Авдеенко
Айта кетейік, жеңіл атлетика – еліміздің спорт саласындағы басты бағыттардың бірі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз