2026 жылғы 30 сәуірде Алматыдағы Бас ботаникалық бақ әкімшілігі 4 мамыр, дүйсенбі күні аумақ келушілер үшін жабық болатынын хабарлады.
Бұл туралы ботаникалық бақтың Instagram парақшасында жарияланды.
Әкімшіліктің мәліметінше, бұл күні бақ аумағында жоспарлы санитарлық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты келушілерді қабылдау уақытша тоқтатылады.
Сонымен қатар, басқа күндері ботаникалық бақ бұрынғы кесте бойынша жұмысын жалғастырады:
- күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.
Кассадағы техникалық үзіліс:
- 15:00-15:30 аралығы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Главный Ботанический Сад г.Алматы (@botsadkz)
Әкімшілік санитарлық күн техникалық себептерге байланысты немесе айдың алғашқы дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келген жағдайда басқа күнге ауыстырылуы мүмкін екенін де ескертті.
Айта кетейік, 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап Алматы ботаникалық бағы жаңа жұмыс тәртібіне көшкен.