Жаңа құрылым қаржылық топтарда қолданылатын үздік тәжірибелерге сай корпоративтік басқаруды жақсартады.
"АЛМЭКС" холдингтік тобы" АҚ-ның жалғыз акционері – Almex Holding Limited компаниясы. Ол Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген. Бұл туралы inbusiness.kz сайтына холдингтің баспасөз қызметі хабарлады.
"АЛМЭКС" мәліметінше, түпкілікті бенефициарлық меншік иелері өзгерген жоқ – олар бұрынғыдай Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева. Сонымен қатар, меншік құрылымындағы өзгерістер Halyk Bank бенефициарларына әсер етпеген.
"АЛМЭКС" холдингтік тобы" АҚ-ның жалғыз акционері – Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген Almex Holding Limited компаниясы. Түпкілікті бенефициарлар – Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева. Меншік құрылымындағы өзгерістер Halyk Bank бенефициарларына ықпал еткен жоқ", – делінген inbusiness.kz-ке берілген түсініктемеде.
Компанияда бұл өзгерістер корпоративтік басқару құрылымын заманауи стандарттарға сәйкестендірумен байланысты екенін атап өтті.
"Өзгеріс корпоративтік басқаруға қатысты және басқару құрылымын ірі қаржылық топтарда қолданылатын тәжірибелерге сәйкестендіруге бағытталған. АХҚО юрисдикциясын пайдалану корпоративтік басқару мен ақпаратты ашудың заманауи стандарттарына сай келеді", – делінген түсініктемеде.
Сондай-ақ, "АЛМЭКС" өкілдері Астана халықаралық қаржы орталығының Қазақстан юрисдикциясы ретінде ағылшын құқығы қағидаттарын қолдана отырып жұмыс істейтінін және холдингтік құрылымдар үшін платформа ретінде пайдаланылатынын еске салды.
"АХҚО – Қазақстан Республикасының юрисдикциясы, онда ағылшын құқығы қағидаттары қолданылады және ол халықаралық тәжірибеге сәйкес холдингтер үшін платформа ретінде пайдаланылады", – деп атап өтті компания.
Холдингте "АЛМЭКС" холдингтік тобы Halyk Bank-тің мажоритарлық акционері мәртебесін сақтап қалатыны айтылды.