Иран Ормуз бұғазында жаңа тәртіп орнатуды жоспарлап отыр. Иран осы арқылы елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бұғаздан өтетіндерге баж салығын салмақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Иран парламенті Ормуз бұғазында жаңа режим орнатуды жоспарлап отыр. Парламенттің жоспарына сәйкес, Иран қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және баж салығын енгізеді.
Бұл туралы парламенттің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің мүшесі Алаоддин Боруджерди мәлімдеді.
"Парламенттің мақұлдауына сәйкес, бұғазда жаңа режим орнайды", — деп келтіреді Боруджердидің сөзін Иранның мемлекеттік телеарнасы.
Депутаттың айтуынша, Иранның рұқсатынсыз кемелерге бұғаз арқылы өтуге рұқсат етілмейді. Ислам Республикасы кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және өткізу алымдарын жинайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз